Теренс Кроуфорд бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Теренс Кроуфорд 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық төрт айтулы белбеуді біріктіріп, абсолютті әлем чемпионы атанды. Ол Линкольнде (Небраска штаты) өткен 12-раундтық айқастың үшінші кезеңінде намибиялық Джулиус Индонгоны нокаутпен жеңді, деп жазады ТАСС.

Осылайша, Кроуфорд Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс ұйымы тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулдарын қорғап, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) белбеуін жеңіп алды.

29 жастағы Кроуфорд WBO  белбеуін алтыншы рет, ал WBС белбеуін - үшінші рет қорғады. \

Ол 2016 жылы украиналық Виктор Постолды ұпай санымен жеңіп, екі титулды біріктірді. Одан кейін тағы екі рет жеңіске жеткен еді. Оның қоржынында 32 жеңіс (22 нокаутпен) бар, бокстық мансабында ешкімнен жеңілмеген. 

Соңғы жаңалықтар