Теннис: Путинцева Ыстанбұл турнирінің ширек финалына шыға алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінің екінші айналымында франциялық Полин Пармантьемен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 83-інші орында тұрса, П.Пармантье тек 122-інші сатыда еді. Соған қарамастан, матч аса тартысты өрбіді.

Бірінші партияда франциялық теннисші 6:2 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде Ю.Путинцева дәл сондай есеппен есе қайырды.

Үшінші, шешуші партияда П.Пармантье 6:3 есебімен басым түсті. Кездесу 2 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша Ю.Путинцева Ыстанбұл турнирінің (жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары) ширек финалына шыға алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Зарина Диястың Штутгарт турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар