Теңіз кенішінде жарты жылдың ішінде 14 млн тоннадан астам мұнай өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіз кенішінде қаңтар мен маусым аралығында 14 млн тоннадан астам мұнай өндірілді. 

Бұл 14,4 млн тонна өндірілген  2016 жылғы жартыжылдықтағы көрсеткіштен 1,3 пайыз көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өңделмеген газды айдау жобасы  аяқталғаннан кейін және екінші буындағы зауыт құрылысы  аяқталғаннан  соң Теңіз кенішіндегі тәуліктік мұнай алу көлемі шамамен 75 мың тонна немесе тәулігіне 600 мың баррельге жетті.  Тәуліктік табиғи газ өндіру 22 млн текше метрді құрады. 2017 жылдың алғашқы жартысында шикі мұнай өндіру 14,59 млн тоннаны немесе 116 млн баррельді құрады»,- деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар