Теміржолшылар су тасу қаупі бар аумақтарда тәулік бойы кезекшілік етуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі қызметі жол шаруашылығының барлық бөлімшелері қар тазалау және аршу техникалары көктемгі сел тасқыны жүруі мүмкін тұстарға шоғырландырылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.    

Еліміздегі барлық су басу қаупі бар теміржол нысандарының бойында жауапты адамдардың тәулік бойғы кезекшілігі қамтамасыз етілді. Барлық теміржол бөлімшелерінде магистральдық желі мен жасанды имараттардың қалыпты жұмыс жасауына қажетті алғы шарттар жасалды. Көктемгі қызыл су өтетін тұстардағы қауіпті орындар, су шайып кетуі мүмкін топырақ қабаты, теміржолдың шыға берістері, бұрын бүлінген мекендерде барынша қырағы күзет орнатылды.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ жергілікті аумақтық органдармен бірлесіп су қоймаларын, ауыл шаруашылығы тоспаларының жағдайын комиссиялық тексеруден өткізуде.

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының теміржолшылары қызыл су өтетін тұстарды апатты жағдайлардан сақтау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауда. 175 шақырымдағы Тұрғысын-Зырян қума жолы мен Тишинская- Риддар бағдарындағы 325 шақырымдағы Громотуха өзенінің арнасы аршылуда.

Сонымен қатар теміржол бойынан қасат қар аршылуда. Қар тазалау маусымы басталғалы бері магистральдық жол бойынан 250 мың текше метр қар сыртқа шығарылды.

Теміржол бойын қар жалдарынан аршу мақсатында қар аршу және тазалау техникалары жұмылдырылған.

«Компанияның барлық өңірлік бөлімшелерінде теміржол көпірлерін қысқы қалдықтардан, мұздан тазалау, су жүйелері мен арықтар, су көздері түгелдей аршылуда. Теміржол бойындағы нысандарды, бағыттауыш бұрмаларды, теміржол табандарын тазалау су тасқыны қаупін барынша азайтуға бағытталған»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-Магистральдық желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәли.

Соңғы жаңалықтар