Теміртауда күйеуін өлтірді деген әйел өлі табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда күйеуінің өліміне күдікті ретінде ұсталған әйел уақытша ұстау оқшаулағышында өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқшаулағышты кезекті тексеру барысында асулы тұрған әйелдің денесін кезекші қызметкер көріп қалады. Теміртау прокуратурасындағылардың айтуынша, әйелдің өлімін суицид деп атауға болады, күштеп өлтіру белгілері жоқ. «Күдікті неліктен өзін-өзі өлтіргенін анықтаумыз», - деді Теміртау прокуратурасы қызметкерлері.

17 қазан күні Теміртаудағы пәтерлердің бірінде 1985 жылы туған ер адамның бірнеше жерінен пышақ сұғылған денесі табылды. Оның азаматтық некедегі  әйелі күйеуінің өлімі бойынша мойындау түсінігін беріп, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған болатын. Осылайша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша ашылған қылмыстық іс қалпына келмейтін негіздерге - күдіктінің өліміне орай жабылды.

Соңғы жаңалықтар