Теміртауда егіздерін өлі туған ана дәрігерлермен соттасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Теміртауда егіз перзенттің өлі тууына сапасыз көрсетілген медициналық қызмет себеп болған. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының сайтында жарияланды.

«Қарағандыдағы №2 Қазыбек би аудандық соты Теміртау қаласының тұрғыны Ж-ның «Облыстық перинаталдық орталығы» ҚМК-ге, Теміртау қаласының № 2 емханасы» ҚМК-ге, «Теміртау перзентханасы» ҚМК және «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ге қатысты азаматтық  арыз-шағымын қарады. Сотпен анықталғандай,  шағымданушы жүктілігінің 6 апта мерзімінде Теміртау қаласындағы №2 емханаға есепке алынған. Жүктілігі еш қиындықсыз өткен және жоспарлы босану уақыты 2017 жылдың 15 қарашасына белгіленген»,- деп жазылған хабарламада.

12 қараша күні жүкті әйел өзін жайсыз сезінген. Теміртау қаласындағы перзентханаға жүгініп, өзін жедел жатқызуын сұраған. Алайда дәрігерлер оны жатқызудан бас тартады. 15 қараша күні ол Қарағанды қаласындағы Облыстық перинаталдық орталыққа  жеткізіліп, 17 қарашада егіз баланы дүниеге әкеледі. Өкінішке орай шараналар өлі туады.

Тексеріс барысында жүкті әйелге сапасыз медициналық қызмет көрсетілгені анықталды.

«Анықталған жағдайлар есепке алына отырып, шағымданушының кей  талаптары қанағаттандырылды және оған келтірілген моральдық зақым есебінде 200 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешім шығарылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады соттан.  

Соңғы жаңалықтар