Теміртауда алты металлург балқыған қоспаға күйіп қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 12 қазан күні 11:29-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс цехында кокс батареясы жарылып, күйік шалған алты металлург ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, металлургия комбинатының кокс цехында №1 кокс батарея жұмысының технологиялық циклі бұзылған. Соның салдарынан батарея жарылған. Балқып тұрған қоспа оның жанындағы металлургтарды күйдіріп жіберген. Алты жұмысшының үшеуі Теміртау қаласындағы орталық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың беттері, денесі және қолдарын күйік шалған. Қалғандарын Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығына жеткізген. Олардың жарақаттары орташа ауыр деңгейде деп бағалануда.

Бұдан тыс, 11 қазан күні таңғы 8-де комбинат аумағында бір жұмысшы мерт болған. Цехтардың арасында шойын шөміш тасымалдап жүрген пойыз жұмысшыны басып кеткен. Ол тендерді ұтып алып, компанияда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Техол-Монтаж» ЖШС жұмысшысы болған.  

Соңғы жаңалықтар