Тележүргізушіні тікелей эфир кезінде найзағай соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Далянь қаласында (Қытай) тікелей эфирде найзағай туралы хабарлап тұрған тележүргізушіні найзағай соқты.

Видеода ер кісінің жаңбырдан бүркеніп тұрған қолшатырына жай түскені байқалады.Найзағай соққан сәтте тележүргізуші айқайлап, қолшатырын лақтырып жіберген.

«Мен қолымнан ұшып жатқан сары түсті ұшқынды көрдім, қолым қимылдамай, жансызданып қалды», - деді тележүргізуші.

Оның айтуынша, таспада ұшқын көрінбейді, себебі оның қуаты қатты болмаған. «Өйтпегенде қазір мен сіздерге басымнан өткен жағдай туралы баяндап тұра алмас едім», - деді ол. 

 

Соңғы жаңалықтар