Тележүргізушіге тікелей эфирде күйеуінің өлімі туралы хабарлауға тура келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық тележүргізуші Суприт Каур өз күйеуінің мерт болғанын тікелей эфирде білді, деп хабарлады The Times of India.

Үндістандық IBC24 телеарнасының қызметкері үш адам қаза тауып, екі адам жараланған жол-көлік апаты туралы жаңалықты оқыған. Арна тілшісі оқиға орнынан тікелей эфирде апаттың мән-жайын баяндап, автокөлік иесі мен апат орны жайында хабар таратқан.

Каур өз күйеуі туралы айтылғанын түсінеді, алайда шығарылымды соңына дейін жүргізді. Эфирден кейін жүргізуші тілшіге хабарласып, өз күйеуінің мерт болғанын естіген. Осыдан кейін  жанұшырған әйел туыстарына хабарласа бастаған.

Ерлі-зайыптылар бір жыл бұрын ғана үйленген, бір қыздары бар. Каур телеарнада 9 жылдан бері еңбек етеді. 

Соңғы жаңалықтар