Телекөпір: Президент дәрі-дәрмек кешенін іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру күні аясында «ArcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ-сының технологиялық кешенін ашты. Аталған шара жалпыұлттық телекөпір арқылы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ARCELORMITTAL TUBULAR PRODUCTS AKTAU» АҚ бас директоры Магомед Ибрагимовтың айтуынша, аталған кәсіпорын Каспий аймағында әмбебап өндірістік кешен болып саналады.  Осыдан кейін Мемлекет басшысы «Химфарм» АҚ-сының тағы бір цехын іске қосты. Компанияның бас директоры Ижи Урбанец осымен үшінші цехтың ашылып отырғанын жеткізді.

«Біз жалпы көлемі 108 млн доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Жаңа цехты іске қосқаннан кейін біз экспорттық әлеуетімізді 1,5 млрд теңгеге жеткізе аламыз. «Химфармның» атынан фармацевтикалық саланы қолдап, инвесторларға ыңғайлы жағдай жасағаныңыз үшін алғыс айтамыз», - деді Урбанец. 

Өз кезегінде Президент отандық фармацевтиканы дамыту қажеттігіне баса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар