Телефоны жарылған Ақтау тұрғынына өтемақы төленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау тұрғыны телефоны жарылғаны үшін өтемақы алды, деп жазды Тумба.kz.

Samsung Galaxy S5 маркалы телефонын 40 жастағы Сәния Болтабекова бір апта бұрын сатып алған. Оны кезекті қуаттау кезінде телефон жарылып кеткен.

«Кешкі уақытта телефонды қуаттауға қойып, ұйықтап қалдым. Таңға жуық тарс еткен дыбысты естіп, шошып ояндым. Жамылғы өртеніп, түтіндеп жатыр екен. Оны сілкілеп жатқанда, телефон жерге түсті, батареясы балқып кеткен. Бақытыма орай, төсек жанында тұрған бір стақан суды шашып сөндірдім. Еденнен басқа ештеңе бүлінген жоқ», - деді Сәния Болтабекова.

Аталған оқиға өткен жылы желтоқсан айында болған. Өткен аптада Samsung компаниясы Сәния Болтабековаға өтемақы төледі.

«Компанияның Алматыдағы бас кеңсесі маған 130 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады және кешірім өтінді», - дейді әйел.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Маңғыстау облыстық ауруханасында жеті айлық бала көз жұмды. Ана өз телефонын қуаттауға қойып, жеті айлық баласымен ұйқыға кеткен. Анасынан бұрын оянған сәби сымды аузына салуы мүмкін. Соның салдарынан оны тоқ ұрып, ауруханада қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар