Техаста торнадодан 5 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Сенбі күні кешке Американың Техас штатында болған бірнеше жойқын торнадодан кемі 5 адам көз жұмып, 50 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Құйын Далластан 95 шақырым жердегі Кантон қаласына төнді. Салдарынан Техастағы бірнеше елді мекенге нұқсан келді.

Жергілікті телекомпания түсірген видеодан қираған үйлерді, төңкерілген көліктерді және тамыры қопарылған ағаштарды көруге болады.

Жергілікті өрт күзеті қызметінің хабарлауынша, Кантондағы қоймалардың біріне зақым келген және белгісіз химикаттар ауаға жайылған.

Техас «Торнадо аллеясы» ретінде танымал аймақта орналасқан. Бұл штатта жойқын құйындар жиі болып тұрады.

Соңғы жаңалықтар