Тәжікстанда жаңбырдың соңы селге айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда 25 сәуір күні 17 сағат 30 минутта толассыз жауған жаңбыр селдің жүруіне себепші болды, деп хабарлайды «Ховар».

Сел жүру оқиғасы Рудаки ауданының Зайнабобод аумағында болған. Селден пайда болған лай көшкіндері кейбір үйлердің маңайын бүлдіріп, аулаларға толып кетті.

Арнайы комиссия табиғат апатынан келген шығындарды есептеу үстінде.

Қазір лай толған су арналары тазаланып жатыр. Селді тоқтату жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар