Тайсонның бұрынғы бапкері: Головкин-Джейкобс реваншын болжады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Майк Тайсоның бұрынғы бапкері Бадди Макгирт Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-2, 29 КО) болған жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Еске сала кетсек, 19 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин төрешілер шешімімен Джейкобстан басым түскен еді.

«Меніңше, Джейкобс Головкиннің нағыз бет-бейнесін айқындап берді. Бұл айқастан барлығы нокаут күтті, бірақ ол болмады. Дэнни бокстаса алатынын және соққыға төзімді екенін көрсете алды. Реванш болса бәрі басқаша болады», - деді Макгирт.

Соңғы жаңалықтар