Тайсон Головкин-Альварес айқасына болжам жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне пікір білдіріп, оны кіші Флойд Мэйвезер (49-0, 26 КО) және UFC чемпионы Конор Макгрегор айқасымен салыстырды, деп хабарлайды Sports.kz .

«Бұл айқасты (Головкин - Альварес) асыға күтудемін. Ол маған Мэйвезер - Макгрегор жекпе-жегінен де қызығырақ. Кім жеңетінін білмеймін, бірақ «Канело» өте мықты боксшы. Мэйвезердің Макгрегормен айқасына тоқталар болсам, бұл бокс үшін жаман деп ойламаймын. Бірақ, Конордың жеңуге мүмкіндігі жоқ, тек Флойдтың қаншалықты тез жеңетінін күту қалды», - деп келтіреді Тайсонның сөзін Globo Esporte.

Мэйвезер - Макгрегор жекпе-жегі 26 тамызда  Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena-да», ал үш апта өткеннен кейін, 16 қыркүйек күні сол жерде Головкин мен Альварес кездеседі.

Соңғы жаңалықтар