Тайландта сегізаяқ пішініндегі аттракцион құлап, 15 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Монстр" деп аталатын алып сегізаяқ пішініндегі аттракцион жексенбі күні кешке Бангкок қаласының оңтүстік маңында құлаған. 

The Bangkok Post газеті хабарлағандай, оқиға салдарынан 15 адам зардап шеккен.

Аттракциондағы сегізаяқтың барлық осі айналып тұрады, бес қармауыштың әрқайсысына төрт арбаша бекітілген, екі адамға шамаланған. Сондай-ақ бір мезгілде 40 адамға дейін сырғанауға болады.

Қосылғаннан кейін бірден екі арбаша қармауыштан үзіліп, жерге құлап түскен. Аттракционның 15 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.Тексеру жұмыстары жүргізілуде.   

Соңғы жаңалықтар