Таяу уақытта Семей адам танымастай өзгереді - Даниал Ахметов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласын дамыту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан  облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне кеңінен тоқталған өңір басшысы: «Семей қаласында мәдени құндылықтар өте көп. 2014 жылы қала бюджеті 21 млрд  теңге болса, ағымдағы жылы жиынтық бюджеті 49 млрд теңгеге жетіп отыр. Бүгінде қаланың әуежайы 10 млрд теңгеге жаңғыртылуда. Мұндай жайт бұрын-соңды болмаған. «Абай Арена» атты бірегей мәдени-спорттық кешеннің жобалық-сметалық құжаттамасын да аяқтап қалдық. Шындығына келгенде Семей қаласының жалпы инженерлік-коммуникациялық жүйесі сын көтермейді. Сондықтан бүгінде жаңбыр суына арналған кәріздің жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр, инженерлік коммуникациялары, сумен қамтамасыз ету, кәріз және жылу бойынша да үлкен істер атқарылуда», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың өзінде ғана қаланың жолдарын салуға, ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3 млрд теңге бөлінген. Бұл жұмыстарға қаланың барлық  жол салатын компаниялары жұмылдырылған. Сонымен қатар бүгінгі заманауи талаптарға толықтай сай келетін «Қарағайлы» деп аталатын шағынаудан да бой көтеруде.

«Семей ақыр соңында сәулет-қала құрылысы құндылықтарына сай келетін шағынауданға ие болғанын қалаймын. ШҚО-ның барлық қалаларында және Семейде жаңадан салынатын әрбір үйдің, әрбір пәтердің көлік қоюға арналған тұрақтары болады. Жүретін жолдың ені 3,6-дан 6 метрге дейін салынады. Яғни мүлдем бөлек параметрлер қолданылады. Мұнан бөлек, барлық үйлерге жапсарлас әлеуметтік нысандар болады», - деді ШҚО әкімі.

null 

Ахметовтің айтуынша, таяу аралықта Семей қаласы адам танымастай өзгеріскеұшырайды.

«Таяу аралықтағы қысқа ғана уақыттың ішінде Семей қаласының танымастай өзгеретіндігіне сендіргім келеді. Семей қаласына келіңіздер, жағалаудың қалай өзгергендігін өздеріңіз де көресіздер. Орталық алаң да өзгеріске ұшырайды. Ай сайын жеке өзім бұл қаламен айналысамын және әлі күнге дейін орын алып отырған проблемалы жерлерді де нақты білемін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар