Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру маңызды - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруға күш-жігер жұмсауды жалғастыру маңызды. Бұл туралы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенім шаралары бүгінде драмалық оқиғаларды бастан өткеріп жатқан Таяу Шығыс үшін де өзекті болып отыр. Сириядағы шиеленіс аймақтан алыс жатқан өңірлерге де зиянын тигізуде. Өзара сенімнің Женева келіссөздерін толықтырып, Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге қолдан келгенше үлес қосып келе жатқан Астана алаңындағы диалогқа негіз болғанын осы жерде ерекше атап өткен жөн», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті жаппай қырып-жою қаруларының таралуымен күрес жүргізудегі тиімді құралдың бірі ‒ ядролық қарудан азат аймақтар құру екендігін баса айтты.

«Сондай-ақ, бұл ұжымдық сенім білдірудің үлгісі болып табылады. Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруға күш-жігер жұмсауды жалғастыру маңызды деп санаймын. Мүдделі тараптарды жұмысты жаңғыртуға шақырамын және кейбір елдер арасындағы түсініспеушіліктер жақын арада шешімін табады деп үміттенемін», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар