Тәуелсіздік декларациясы елдің қоғамдық өміріне тың серпіліс бермек - Вячеслав Иночкин

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы елдің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс беретін болады. Бұл туралы БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Вячеслав Иночкин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аса маңызды саяси құжатта еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі табыс-жетістіктері, Елбасымыздың еңбегі толықтай көрсетілген.

«Еліміздің тарихы қандай бай болса, ертеңіміз одан да жарқын болуы тиіс. Осы орайда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың маңызы зор. Бұған әр мекеме, әр азамат өз үлесін қоса білуі керек. Өзім басқарманың мұрағат, құжаттамалар мәселелеріне жетекшілік жасайтындықтан, еліміз жүріп өткен жолдарды шолып отырамын. Қазіргі кезде облыста тәуелсіздік жылнамасы жасалып, арнайы кітап ретінде жарық көрмекші. Шынында да болашағымызды бағдарлау үшін біз өткенімізді ұмытпай, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, барлық маңызды оқиғаларды жадымызда ұстауымыз қажет. Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткен жоқ. Енді соны баянды ету - баршамызға ортақ абыройлы парыз», деді В.Иночкин.

null  

Соңғы жаңалықтар