Ташкентте Төле би кесенесінің салынуын мақтан тұтамыз - Шавкат Мирзиёев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда Абай Құнанбаевтың мұрасы терең зерттеліп, кеңінен насиxатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында арнайы қаулы қабылданды. Оған сәйкес, қазақ xалқының ұлы ақыны, ойшыл әрі гуманист Абай Құнанбаевтың мұрасы терең зерттеліп, кеңінен насиxатталуы тиіс», - деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу салтанатында.

Өз сөзінде Ш.Мирзиёев екі елдің бауырлас байланыстарын тілге тиек етіп, Ташкент қаласындағы Төле бидің кесенесін де еске алды.

«Біз Төле би кесенесінің Ташкент қаласында салынғанын мақтан тұтамыз. Ол жерге өзбектер де, бауырлас қазақтар да барып, тәу етеді. Әлі есімде, Сіз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келгенде біз бірге сол қасиетті жерге барып, екі елдің xалқын татулық мен бейбітшілікте өмір сүруге үндеген ұлы тұлғаны еске алдық. Мен ойлаймын, ата-бабаларымыз біздің қазіргі достығымызды, шынайы әрі ашық байланыстарымызды көргенде қуанатын еді. Бәрімізге - қазақтарға, қырғыздарға, түркімендерге, тәжіктер мен өзбектерге, жалпы, Орталық Азияда тұратын ұлт пен ұлыстарға татулықта өмір сүруді жазған екен. Бұл - тағдырдың жазуы. Соған бар күш-жігерімізді салып, ортақ үйімізді қорғауымыз қажет», - деп атап көрсетті Ш.Мирзиёев.

Айта кетейік, салатанатты шара барысында Н.Назарбаев Өзбекстан президентін  «Достық» орденімен марапаттады.  Алдағы уақытта Астанада Әлішер Науаидің ескерткіші орнатылады. 

Соңғы жаңалықтар