Таразда жас ғалымдар бас қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білім ордасының 50 жылдығына арналған «Жас ғалым 2017» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алтыншы рет ұйымдастырылған алқалы жиынға 400-ден астам жас дарын қатысты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

null

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова институт ректоры Дария Қожамжарованың конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

null 

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді ғылыми-инновациялық салада зор серпіліс жасап, Еуразиялық кеңістікте осы салада көшбасшылардың бірі болуды міндеттеді. Қазіргі күнде жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу мүмкін емес екені баршаға белгілі ақиқат. Сіздер  сол ғылым әлемінде бақ сынап жүрген жас ұрпақтың өкілдерісіздер. Турасын айтсақ, сіздердің болашақтарыңыз  елдің болашағы, ұлттың ертеңі. Алдымызға қойып отырған бұл міндеттер аса ауқымды. Ол үшін бәрімізге үлкен күш-қайрат, ерік пен жігер керек. Бастысы білім мен ғылым керек. Қазақстан экономикасының өзегі білім мен ғылымға негізделуі қажет. Сонда ғана жоспарымыз орындалып, көздеген мақсат үдесінен шығатынымызға сенімдіміз», - делінген ректор құттықтауында.

null 

Конференцияның басты мақсаты - жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту. Сондай-ақ, жиынның тағы бір көздегені - ізденушілердің өзара байланыс орнатуларына, тәжірибе алмасуларына ықпал жасау.  Биылғы конференция гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциялары бойынша өткізілді. Аталған секциялар бойынша барлығы 500-ден астам жұмыс келіп түскен. Шара барысында қазақстандық жас ізденушілердің ғылыми жетістіктерінің көрмесі өткізіліп, отандық және шетелдік ғалымдардың жастарға арналған шеберлік сыныптары жүргізілді.

null 

Конференцияға келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығару көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде еліміздегі ізденуші жастарға, ғылыми жұмыстармен айналысатын ғалымдарға және инновациялық даму стратегиясын жоспарлап, жүзеге асырушылар үшін маңызды теориялық және әдістемелік көмекші құрал болмақ.

null

Соңғы жаңалықтар