Тараз маңындағы су арнасынан ер адамның денесі табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының маңындағы су арналарының біріне батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары екі күнге созылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, 40 жастағы азамат 17 қаңтар суға кеткен болуы мүмкін.

«18 қаңтарда Шөлдала елді мекеніндегі «Ветеран» саяжайлар алабында ТЖД арнайы құтқару жасағы арнадан 1978 жылғы ер адамды іздестірді», деп хабарлады ведомство.

Алғашқы тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. 19 қаңтар жұма күні күндізгі сағат 14:45-те жоғалған адамның денесі судан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар