Танымал пианиношы Андреа Луккезини ЭКСПО-2017 көрмесінде концерт береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Итальяндық пианиношы Андреа Луккезини ЭКСПО-2017 алаңында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекті музыканттың жалғыз концерті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірге 2017 жылы 2 шілдеде өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары Людвига ван Бетховенді Луккезинидің виртуозды орындауында тыңдай алады.

Андреа Луккезини Марии Типодан тәлім алған және өте жас шағында Ла Скала театрында халықаралық конкурста жеңіп шығып, танымалдылыққа ие болған. Содан бері әлемнің үздік оркестрлерімен және дирижерлерімен бірге өнер көрсетіп келеді. 

Соңғы жаңалықтар