Тамыздың екінші жартысында мұнай бағасы қалай өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Альпари сарапшылары тамыз айының екінші жартысында мұнай бағасының динамикасына қандай жағдайлар әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Brent маркалы мұнайдың бағасы тамыздың алғашқы екі аптасында 2,5 процентке төмендеп, екінші онкүндікте одан ары арзандай түсті. Алайда бір баррель үшін 50 доллар деңгейі төмендеген жоқ, бұған қоса тамыздың ортасында баға белгілеушілер бұл деңгейден төмен түсіргісі келген. Бірақ, тамыздың ортасында бір баррельді 40 долларға дейін түсіретіндей көрсеткішке жетпеді. Тамыздың екінші жартысында келеңсіз сценарий кешіреміз бе?» - деп сауал қояды Альпари аналитикалық департаментінің директоры Наталья Мильчикова.

Компанияда тамыздың ортасында мұнай бағасына әсер ететін факторлар туралы айтылды. Олардың бірі - қазіргі уақытта Қытайда мұнайға деген сұраныс соншама ауқымды болмай отырғаны. Reuters агенттігіне сүйенсек, Қытайдың екі бірдей Sinopec пен Petrochina компаниялары өздерінің мұнай өңдеуші зауыттарының қуаттылығы 10 процентке төмендегенін ресми түрде хабарлаған. Тамыздың ортасында Қытайдағы бұл жаңалық ағымдағы жылы сұранысқа деген үміттің бәрін жоятындықтан, мұнай нарығында біршама әбігер байқалған.

«Қара алтынның» бағасына ОПЕК мониторингі бойынша комитет отырысының болу-болмауы да әсер етеді. Ереже бойынша биылғы жылы мұнай өндіруде келісімді орындау бойынша ОПЕК комитеті ай сайын өткізілетін. Тамыз айының басында мұндай отырыс Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылып, жаңа отырыс қыркүйек айына Венада өтетіні шешілген. ОПЕК мүшелерінің барлығы тәртіптік жүйеде келісімді орындағандықтан өткен отырыс нәтижелі болмаған көрінеді. Сонымен қатар, ОПЕК басқа елдерден ресми түрде мұнай өндіруді азайтуды сұрап жатқанымен, Сауд Арабиясының мұнай өндірдуді көбейтіп жатқаны әлемдік нарықты алаңдата түскен.  

Мұнайға деген сұраныс азаюы қатпарлы мұнайдың өндірушілерінің де еңсесін түсіріп тастайды. Тамызда Baker Hughes есебіне сәйкес, АҚШ-та бұрғылау жабдықтары аптадан аптаға қарай көбейе қоймаған. Бұған қазіргі нарықтағы сапалы мұнайдың көбейгені себеп болуы ықтимал. АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қоры қарама-қайшылықтан хабар беріп, апта сайын олар қысқарып барады. Осыған қарамастан, мұнайға деген ұсыныстың болмауы мұнай нарығының оң жамбасына да келіп қалуы мүмкін.

Геосаяси ахуал. Аты шығып қалған «Трамп факторы» Американы тағы да державаға айналдырғысы келгенімен, мұнай нарығында дегенін істете алмай отыр. Мұнай өндіретін елдерге қарата айтылған асығыс мәлімдемелер мен антиресейлік санкциялар мұнай бағасын өсіріп жіберуі мүмкін. Бұл тұрғыда Иранмен де қарым-қатынас ушығып бара жатқанын атап өту керек. Санкциялардың салдарынан ресейлік компаниялар мұнай өндіру бойынша жаңа орындарды игермейтіндіктен, «қара алтынның» бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін.

«Біздің ойымызша, тамыздың аяғына дейін «апокалипсистік сценарий» болмайтын секілді, ал Brent маркалы мұнай 48-53 АҚШ доллары аралығында сатылуы ықтимал», - дейді Наталья Мильчикова.

Соңғы жаңалықтар