Тамыз конференциясында білім саласына қатысты барлық мәселелер талқыланады - БҒМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Тамыз конференциясы 22 тамызда Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аймағында өтеді. Оған дейін аймақтарда секциялық отырыстар ұйымдастырылады. Министрлік білім саласын жан-жақты талқылауды көздейді. Осыған орай, барлық өзекті мәселелерді Білім және ғылым министрлігінің ресми парақшаларына жолдауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринованың айтуынша, биылғы конференция жаңа форматта ұйымдастырылады. Секциялық отырыстар әрбір облыс орталығында өтетін болады.

«Мектепке дейінгі білім мекемелерінің мәселелері Орал қаласында қаралады. Ал ең үлкен секциялар білім саласын жаңа мазмұнға толтыруға арналады. Аталған секциялар әр облыс орталығында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында ұйымдастырылады. Аталған тақырыптың маңыздылығы зор. Себебі биылдан бастап 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар жаңа бағдарлама бойынша білім алатын болады», - дейді Каринова.

Департамент басшысының айтуынша, арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беру мәселелері Қарағанды қаласындағы секцияда талқыланады. Алматы қаласында дарынды балаларды оқыту жайы сөз болады. Ал Павлодарда педагогикалық мамандар мәселесі қаралады.
«Сосын биылдан бастап ата-аналар мен оқушылардың қалауы бойынша жаратылыстану-математика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Осыған байланысты Астанадағы Назарбаев университетінде арнайы секция ұйымдастырылады. Қаладағы тағы бірнеше секция руxани даму, кәмелеттік жасқа толмағандарды өмірге бейімдеу, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға арналады. Ал Еуразия ұлттық университетіндегі тағы бір секцияда білім беру xабін дамыту мәселесі қаралады. Оған облыстық департамент басшылары, сарапшылар мен ғалымдар қатысады», - деді Каринова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, брифинг кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты xатшысы Арын Өрсәриев ЭКСПО-ға байланысты астаналық оқушылардың демалысын ұзартуға қатысты сұраққа жауап берді .

Соңғы жаңалықтар