Талдықорғанға Ресейдің көшпелі хайуанаттар бағы келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға Ресейдің Пятигорск қаласынан көшпелі хайуанаттар бағы келді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Көшпелі зообақта 40-тан астам аң-құс бар. Олардың басым бөлігі қызыл кітапқа енген жануарлар. Амур жолбарысы, ақ жолбарыс, арыстандар мен аюлар, қара түсті қасқыр, пума мен сілеусіндер талдықорғандықтарды ерекше тәнті етті. Ал оның басты себебі облыс орталығында хайуанаттар бағы жоқ. 

null 

Жылжымалы хайуанаттар бағын ұйымдастырушылардың басты мақсаты халқы көп, бірақ жануарлар әлемінен сыр шертетін зообағы жоқ елді-мекендерді аралау. Жалпы Пятигорск хайуанаттар бағы Қазақстан аумағын 5 жылдан бері аралап келеді.

null 

Ал Зообақ әкімшілері сапар барысында жергілікті тұрғындарды уақытша немесе тұрақты жұмысқа орналастыруда. Мәселен Алина Саитованың Тараз қаласынан бірге келе жатқанына 7 ай болды. Айлық табысы 50 мың теңге. Халық неғұрлым көп келсе, табысы да еселене түседі.

null  

Талдықорғандық Елдос Наурызбай да әткеншек қызметкері болып орналасты. Әзірше күніне табатыны 1500 теңге. Жұмыс көңілінен шықса, ары қарай бірге жүре бермек. Көшпелі хайуанаттар бағында  жиналған жұрт жануарларды тамақтандырып, суретке түсу мүмкіндігіне ие. Үлкенге де, кішіге де шат-шадыман көңіл сыйлаған олар Талдықорғанда 3 апта аялдамақ.

Одан кейін Үшарал қаласы, ары қарай Шығыс Қазақстанға жол тартпақ.

Соңғы жаңалықтар