Талдықорғанда жезөкшелік бизнесті ұйымдастырған қонақ үй әкімшісі ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда жезөкшелік бизнесті ұйымдастырған қонақ үй әкімшісі ұсталды. 48 жастағы әйелді Алматы облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Күдікті қонақүй келушілеріне ақылы түрде жеңгетайлық жасап, жеңіл жүрістегі қыздарды ұсынып отырған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 390 бабына сәйкес іс қозғалды. Азаматша арнайы рейдтік шара барысында қолға түсті.

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында жеңгетайлықты кәсіп еткен 9 адам қылмыстық жазаға тартылған. Олардың басым бөлігі қонақ үй бизнесінде қызмет еткен.

Соңғы жаңалықтар