Талдықорғанда күзетші кәсіпорынның қымбат қондырғысын ұрлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда энергетикалық кәсіпорындардың біріне құны 1 млн 157 мың теңгелік жоғалған жабдық қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық полиция басқармасына түскен арызға сәйкес қондырғы жер жұмыстарын жүргізу және асфальт кесуге қолданылған. Кәсіпорыннның тәулік бойы күзетілетінін ескерген тәртіп сақшылары тексеруді бірден жұмысшылардан бастаған. Күдік расталып, жабдықты қолды қылған күзетшілердің бірі екені анықталды.

Тергеу барысында ол бұл қондырғыны металл ретінде өткізбек болғанын мойындады. Сондай-ақ 1974 жылғы күдікті кәсіпорын ауласын тазарту мақсатында артық темір қоқыстарын жинадым деп ақталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар