Талдықорғанда 100-ге жуық көлік иесі мерекелік автошеру ұйымдастырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандықтар биылғы Конституция күнін ерекше атап өтті. Қала жастары бірігіп, үлкен автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың көшелерімен сап түзеген көліктер саны 100-ге жуықтады. Бмв, Лексус, Мерседес, Лада, Фольксваген гольф клубтарының бұл бастамасына басқа да көлік иелері қуана қосылды. Көк байрақты желбіреткен керуен «Жастар» саябағында орнатылған биік тудың жанында мәре сызығын кесті. Конституция күнін жетісулықтар сән-салтанатымен дәл осы «Жастар» саябағында атап өтті. Ата заңымыздың тарихы арнайы қойылымда көрсетілді. Онда Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы және Керей мен Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының тарихы қысқаша баяндалды.


Сондай-ақ облыстық филармония әншілері патриоттық әндер шырқады. Берекені дәріптеген мереке халықтың көңілін жадыратып, рухын асқақтатты.

Соңғы жаңалықтар