Таиландта автобус жүк көлігімен соқтығысты: кемінде 18 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың солтүстік-шығысында екі қабатты автобус жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан кем дегенде 18 адамның өмірі қиылды, тағы 32 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл жайлы бейсенбі күні Bangkok Post хабарлады.

Чантхабури провинциясынан шыққан 50 жолаушысы бар автобус Саконнакхонға бара жатқанда жан түршігерлік апатқа ұшыраған. Соқтығысу салдарынан автобус аударылып түскен, ал жүк көлігі ағашқа соғылған.

Автобус жүргізушісі дін аман.

Қайғылы жол апатының нақты себептері әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар