Тахти кубогы-2018: Төрт балуанымыз финалда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда грек-рим күресінен өтіп жатқан халықаралық Тахти-2018 кубогында төрт балуанымыз финалға шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Аталған турнирге әлемнің 13 елінен жиналған ең мықты балуандар сынға түсуде. Олардың қатарында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы да бар.

Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз сәтті өнер көрсетіп, төрт балуанымыз финалға шықты.

Бірінші болып, 63 келіде ел намысын қорғаған Құдайберген Тұрсынов финалға өтті. Ол финалға дейін қырғызстандық және Грузиялық балуандарын ұтты. 67 келі салмақта Алмат Кебіспаев алғашқы белдесуінде түркиялық балуанды жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде өз отандасы Данияр Қаленовтан басым түсті. Жартылай финалда тағы бір түркиялық балуан Мұрат Фиратты қапы қалдырып, финалға шықты.

Сонымен қатар 72 келі салмақтағы ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев алғашқы белдесуінде әзербайжандық Санан Сүлеймановты, екінші белдесуінде ирандық Фаршад Факехты ұтып финалғда белдесуге мүмкіндік алса, 87 келі салмақта Хусейн Муцольгов бірінші белдесуінде болгар, екінші айналымда түрік, үшінші белдесуінде қырғыз балуандарының жауырынын жер искетіп, финалға шықты.

Ал жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Мейрамбек Айнағұлов, Ибрагим Магомадов және Дастан Зарлыхановтар бүгін қола медаль үшін сынға түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар