Сырдария өзенінің тасу себебі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сырдария өзенінің суы арнаға мұздың кептелуі салдарынан тасыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша,   жеке тұрғын үйлер мен басқа құрылыс нысандарын су басқан жоқ. Хабар келіп түскен сәттен бастап жайылған суды жою және жағалауларды нығайту жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар 80 адам мен экскаватор, бульдозер, КамАЗ сынды 16 техниканы жұмылдырған. Су асып төгілген жағалаулар анықталып, топырақ төгілген.

«Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Жақын орналасқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жұмылдырылған адам күші және техниканың көмегімен биіктігі 1, ені 4-5 метр болатын 1300 метрлік топырақ үйілді»,-  деді Руслан Иманқұлов.

Еске салсақ,  бұған дейін Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер су астында қалып, Сырдария ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар