Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 314.40
EUR 343.83
RUB 5.51
CNY 45.60

Сырбойылық жастар да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созуда

 Сырбойылық  жастар да су тасқынынан  зардап шеккендерге  көмек қолын созуда
2017 жылғы 21 сәуір 19:47 579

   ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат  -  Қызылордалық жастар Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға қолдау көрсетуге кірісті. 

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелер басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс жасауда,деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

   Сыр жастарының жариялаған үндеуіне сәйкес аймақтағы кәсіпкерлер мен жомарт жандар белсенділік танытып отыр.  

  Олар азық-түлік, жылы киім жəне басқа тұрмыстық қажеттіліктерді тапсырды. Көмек қабылдау 24 сəуірге дейін жалғасады. Сонан соң Ақтөбе облысына жөнелтілетін болады.

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер