Сырбойылық қос спортшы қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаттықтырушы Жанар Дүйсекенованың тәрбиеленушілері Гүлдерайым Алмағанбет пен Нұрғаным Тұршабек Сербияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдені  иеленді.

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Қос спортшы да 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Екеуі де самбодан ҚР құрама командасының мүшелері, ҚР спорт шеберлері, биылғы жылғы Ташкентте өткен жастар арасындағы Азия чемпиондары, ҚР Жастар спорт ойындарының жеңімпаздары.

Сондай-ақ, олар дзюдо спортымен де айналысуда. Үстіміздегі жылдың қараша айында Ақтөбеде өтетін дзюдодан ҚР чемпионатына қатысады.

Г. Алмағанбет пен Н. Тұршабек №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттығады. 
 null null 

Соңғы жаңалықтар