Сыр өңірінде 24 адам судың құрбаны болды, олардың жетеуі бала

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 24 адам, оның ішінде жеті бала суға ағып кетті. 

Бұл  туралы ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б.Ембергенов өңірлік комуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
null 

 Бүгінгі күні түрлі үгіт-насихат жұмыстарымен қатар, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп су жағасындағы жаппай демалатын орындарда рейдтер ұйымдастырылуда. Рейд кезінде ҚР ҚК 141 бабы «ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісті орындамау» бойынша көрсетілген жауапкершілік шаралары  түсіндірілуде.

Көптеген суға шомылушылар қайғылы жағдайларға ұшырайтынын ұмытып, өздерін басқалардан жақсы жүзетінін көрсетіп, жағадан алысқа ұзап, биіктіктен суға секіріп, тереңге сүңгіп жатады.

 Баспасөз мәслихаты барысында судағы төтенше жағдайдың алдын алу   үшін облыстың барша тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі, әсіресе су айдындарында және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде айтылды.

Соңғы жаңалықтар