«Сыр Барысы» анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы  «Еуразия» спорт кешенінде  30 сәуір күні қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті.

1-кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 5401 спортшы қатысты. 2-кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып,  1521 спортшы бақ сынасса, 3-кезеңінде облыстық ақтық сайысқа 270 балуан шықты. 3 кезең бойынша 7192 спортшы сынға түсті.

Түйе палуан сайысында 14 спортшы күш сынасты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов  «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды.

 «Сыр Арланы» титулын иеленген аралдық Нұрым Сәлімгереевке 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - қармақшылық Марат Баймахановқа  400 мың теңгенің сертификаты табысталды.

2 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Қызылорда облысынан          М.Исағабылов пен Н.Сәлімгереев облыс намысын қорғайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар