Сурдлимпиада ойындары: Қазақстан үстел теннисінен «қолаға» ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері Түркияның Самсун қаласында XIII Сурдлимпиада ойындары өтуде. Оған әлемнің 97 елінен 3105 спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Archery Sports Hall» спорт кешенінде үстел теннисінен командалық жарыстар аяқталды. Онда Қазақстан намысын қостанайлықтар Данияр Ескендіров пен Қанат Қонқыбаев қорғады. Спортшыларымыз Польша (3:0) мен Болгария (3:1) құрамаларын жеңіп, XXII Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы литвалықтарға 0:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша, финалдық сегіздікке енді. Жартылай финалға өту үшін Данияр мен Қанат Оңтүстік Кореяның теннисшілерімен бақ таластырып, оларды 3:2 есебімен жеңді. Алайда, келесі кезеңде қытайлық Тайбейдің шеберлерінен ұтылып, қола медальды қанағат етті. «Алтынды» Қытай құрамасы, «күмісті» Тайбей иеленді.

Енді Қанат пен Данияр XIII Сурдлимпиада ойындарының жеке турнирінде сынға түседі, деп хабарлайды sports.kz.

 

Соңғы жаңалықтар