Судьяны сабаған хоккейші 30 күнін темір тордың ар жағында өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар командасының матчында төрешіні ұрған 18 жастағы канадалық хоккейші Коул Тревор Крейнді 30 күнге қамау туралы үкім шығарылды. 

Бұл туралы Toronto Sun хабарлады.

Оқиға 26 наурыз күні болған. Жастар командасының матчында Крейннің кесірінен қып-қызыл төбелес болды. Ал спортшыларды ажыратпаққа әрекеттенген төреші оңбай таяқ жеді.

Сот отырысы кезінде өз кінәсін мойындаған хоккейші 30 күнге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ төрешіден жазбаша кешірім сұрауға міндеттелді.

Бұдан бөлек, Крейн бір жарым жыл бойы бақылауға алынады.

5 minutes for fighting and 30 days in jail for assault 💀💀💀

Публикация от Spittin' Chiclets (@spittinchiclets) Июн 26 2017 в 9:02 PDT

Соңғы жаңалықтар