Су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтар үйлеріне оралуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қостанай облысы Қарасу ауданындағы 4 елді мекендегі тұрғын үйлер судан тазартылды.

null

Адамдар өз үйлеріне оралуда. Су тасқынының салдарынан 4 елді мекендегі 36 үй мен аулалар су астында қалып қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

null  

Аудан аумағында қардың жаппай еруіне байланысты Жамбыл кенті әзірге су астында қалып тұр. Еріген қар суы 22 үй мен аулаларды басып қалды. Ұзындығы 200 метрлік 4 су бұрғыш канал қазылды. Тұрғын үйлер аумағындағы тасқын суды айдау, бұру және өткізу жұмыстары жалғасын табуда. Су тасқыны аймағындағы тұрғындарға алдын ала хабарландыру беріліп, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Малдар қауіпсіз орындарға айдалды. Бұл жерлерде ТЖК бөлімшелерінің мамандары, жергілікті атқарушы органдар, Жергілікті полиция қызметі мен жұмылдырылған ұйымдар жұмыс жасап жатыр.

null  

Еске сала кетейік, қостанайлық құтқарушыларға Жамбыл облысындағы әріптестері көмекке келді. 

Соңғы жаңалықтар