«Street Workout KZ»: Министр Мұхамедиұлы турникке қалай тартылу керектігін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шоу-бизнес, кино және спорт жұлдыздары Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Street Workout KZ» акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бастаманың мақсаты - Қазақстандағы бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Street Workout - бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі. Арнайы техниканы талап етпейді: барлығы қарапайым, ол үшін көшедегі турниктер мен арқандар жеткілікті.

«Жобаның негізгі сыйлығы - конкурстың жеңімпазы атанған аймақ Street Workout-пен айналысу үшін жаңа алаңға ие болады. Ол үшін байқаудың шарттарын орындау қажет. Шарттары да өте қарапайым, қазақстандықтар жаттығу барысындағы видеоларын желіде бөліссе жеткілікті. Байқау жайлы толығырақ  Challenge Street Workout  KZ веб-сайтынан біле аласыздар», - делінген хабарламада.

Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын - Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовқа жолдады.

«Байқауға қатысып жүлделі болуға асығыңыз! Оны Street Workout-тың арнайы алаңында жасау міндетті емес, кез-келген жерден өзіңіздің бейнелеріңізді түсіріп, өзіңізге ыңғайлы алаңнан бізге жолдаңыз! Бейнені әуесқойлық және тұрақты камера телефонынан да түсіруге болады. Конкурс 10 маусымға дейін өткізіледі, 15 маусым күні қорытындысы жарияланады. Сонымен қатар, бейнетаспаны «Challenge Street Workout KZ» жобасының сайтында орналастыруға болады», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар