«Странджа кубогы»: Қазақстандық бес боксшы жартылай финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогы» халықаралық турнирінің жартылай финалында Қазақстан құрамасының бес боксшысы өнер көрсетеді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлады.

23 ақпан күні өткен дәстүрлі турнирдің ширек финалында Қанағат Маралов (69 келіге дейін) маррокандық Абделькабир Белассекті, ал Михаил Коханчик (81 келіге дейін) грек спортшысы Полимекис Каламарасты жеңген болатын. Қос боксшымыз жекпе-жектерін ұпай сандарымен ұтты.

Сондай-ақ өз қарсыластарын 56 келі салмақ дәрежесінде Нұрбол Қалжанов (испандық Хосе Куилес), 64 келілік Сабыржан Бекбергенов (испандық Иохан Ороско) және 91 келіге дейінгі салмақта Абзал Құттыбеков (ресейлік Иван Сагайдака) жеңген болатын.

Ал Әділет Құрметов (60 келі) моңғол Эрденабат Тценбаатарға, Шалқар Айқынбай (49 кг) маррокалық Саид Мордаджиге, Құлахмет Тұрсынбай (75 кг) үндіс Викаш Кришанға есе жіберді.

«Странджа кубогының» 69-ыншы турнирінің жартылай финалы 24 ақпан күні өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар