Созақ кітапханасында сирек кездесетін кітаптар сақталған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалар арасында кітап қоры жағынан көш бастап тұрған кітапхана бар. 

null

Ол Созақ ауданындағы орталық кітапхана. Кітап қоры 400 мың данаға жуықтайтын мекемеде жиі кездесе бермейтін құнды кітаптарды табуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null 

Шолаққорған аудандық кітапханасында 385 мыңнан астам кітап болса, олардың 8500-і құнды кітаптар саналады. Сонау 1950 жылы жарыққа шыққан дүниелер де қаз-қалпында сақталған. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, мұнда жылына 6 мыңға жуық кітап тұрақты түрде оқырман қолына тиеді. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы 32 жылдан бері «Егемен Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Молшылық үшін», «Теріскей», «Созақ үні» газеттері сынды мерзімді басылымдардың мұрағаты сақталған. Рухани азық мекені елге танымал тұлғалар тарапынан жоғары бағасын да алып үлгеріпті.

null 

«Біздің кітап қорымыз көркем әдебиетке өте бай. Бізде балалар әлем әдебиетінің барлық томы сақталған. Әрине, бұл - біз үшін мақтаныш. Сонымен қатар, энциклопедиялық, анықтамалық, ғылыми кітаптардың да түр-түрін таба аласыз. Осыдан біраз жыл бұрын Сауытбек Әбдірахмановтың өзі бір келгенінде «Пушкин еңбектері және қазақша зерттеу» кітабын осы жерден көріп таң қалған. Ал жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза ағамыз біздің кітап қорымыз Астана кітапханаларымен бірдей деп бағасын берген», - деді кітапхананың ақпараттық және биографиялық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сәуле Бораншиева.

null 

Технологияның қарыштап дамыған заманы оқырман санына өзіндік салқынын да тигізбей қоймаған. Бұл тұрғыда қызметкерлер оқырман қызығушылығын арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар