Соттарға құрметпен қарауды қалыптастырудың құқықтық тетіктерін зерделеу қажет - Қ.Мәми

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соттарға құрметпен қарауды қалыптастырудың құқықтық тетіктерін зерделеу қажет. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Қазақстанда сот төрелігі барынша қолжетімді. Электронды сот өндірісі де кеңінен енгізілуде. Соттармен талаптардың 95 пайызға жуығы қанағаттандырылады. Бұған қоса, бірінші сатыдағы сот шешіміне небәрі 8 пайызы ғана шағымданады. Сот процесіне қатысатын қалған 92 пайызын соттардың шешімі қанағаттандырады. Міне, сондықтан да соңғы жылдардағы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері сот процесіне қатысушылардың сот шешіміне қанағатануының жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Дегенмен қоғамның сыни көзқараспен қарайтын тобы да болады», - деді Қайрат Мәми.

Осы ретте Жоғары сот төрағасы соттарға қатысты негативизм себептері олардың, сонымен қатар сыртқы ортаның қателіктері болып отырғандығын атап өтті.

«Соттарға қатысты, яғни ішкі факторларға қатысты айтарым, тәртіптік тәжірибені қатаңдату және судьялар өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі көтеріп отыруы қажет деп санаймын. Шынайы түрде, күн сайын судья беделі үшін күрес керек. Ал сыртқы факторларға қатысты сот жүйесі қызметін талқылаудың халықаралық тәжірибе және соттарға құрметпен қарауды қалыптастырудың өзге де құқықтық тетіктері бар. Департаментке бұл тәжірибені зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар