Сот залынан: Ақтөбеде мұнай ұрлаған қылмыстық топтың арасында түрмеде отырғандар да бар

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мұнай ұрлады деген күдікке іліккен қылмыстық топқа қатысты алдын ала сот тыңдауы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысына қатысты Ақтөбедегі Шәмші Қалдаяқов көшесі жабылды. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимараты таңертең қоршауға алынып, полиция тәртіпті бақылады. Алдын ала тыңдау кезінде сотталушылардың аты-жөндері, отбасы, тұрғылықты жері анықталды. мәселен,  сотталушы Еркін Ізбасардың үш баласы бар, Ақтөбе қаласында тұрады, екі жоғары оқу орнын бітірген. Ол өткен жылдың 7 қарашасы күні ұсталды.

«Мен ауырып отырмын, жауап бере алмаймын сұрақтарға»,- деді сотталушы Еркін Ізбасар. Сотталушылардың туған-туыстары сот отырысын экраннан көрді.
null

Еске салсақ, Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылды .
Сотталушылар арасында бұрын ұсақ ұрлық жасағандар бар. Ал сотталушы Біржан Аманқұлов түрмеде отырған жерінен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Сотталушылар: Адайбек Сәрсенов, Нұрболат Қайырбаев, Айбек Тілеуғазиев, Аухат Қалиев, Мұханбет Шавлетов, Еркін Ізбасар, Болатбек Бекетов, Жандос Ақмағамбетов, Жангелді Өтегенов, Руслан Дермұханов, Амандос Есенғалиев, Бекжан Құлтаев, Нұрлан Ноғаев, Саясат Дүсіпов, Сүлеймен Сүгірбаев, Мұрат Тұржанов, Сергей Савченко, Біржан Аманқұлов, Ербол Тектіғұлов, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлыбек Тонтаев, Жанат Тектіғұлов, Кәдіржан Пангерейұлы, Мұрат Қуанышев, Рахат Аханов, Қартжан Қалдымұрат.
null 

Айта кетейік, сотталушылардың алды 2016 жылдың қараша айында ұсталса, кейбіреуі осы жылдың маусым айында күдікке іліккен. Алдын ала сот тыңдауы кезінде анықталғаны, бұрын Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған Рахат Ахановтың үш баласы бар. Ол өткен жылдың 18 қаңтарында ұсталды. Астана қаласында тұратын полиция қызметкері күні бүгінге дейін уақытша тергеу изоляторында қамауда отырды. 

Соңғы жаңалықтар