«Сот кабинеті» арқылы алматылықтар қала сотына 64 305 құжат тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотында БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділеріне арналған баспасөз туры өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сотында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдік құруы» реформасын жүзеге асыруға арналған «Ақпараттық сервистерді таныстыру» тақырыбында баспасөз туры өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамына сәйкес, барлық сот процестерін міндетті түрде аудио және видеотіркеуді енгізу қарастырылған. Судьяға жазбаны тоқтатуға немесе аудио-видеотіркеу материалдарын редакциялауға тыйым салынады.

«Бүгінде Республикадағы, соның ішінде Алматы қаласындағы барлық сот отырыстарының залы аудио-видеотіркеу құрылғыларымен 100% жабдықталған. Аталған жұмыс қысқа мерзімде іске асырылды», - деді Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай. Ол Жоғарғы соттың сот жүйесі алдындағы міндеттерін ескере келе, соттарда ақпараттық технологияларды пайдалануды кеңейту, сот өндірісін оңтайландыру, әділ соттың ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін көтеру бойынша жүйелі шаралар қабылданғанын айтып, онда «Сот кабинеті» сервисінің маңызды орын алатынын атап өтті.

Ол аталған сервистің қолданушыларға үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, талап арыз, шағым, үндеу, қарсы шағым жазуға, мемлекеттік баж салығын төлеуге мүмкіндік береді. 2016 жылдың 10 айында «сот кабинеті» арқылы қала сотына 64 305 құжат берілген, оның 61 354-і қарсы шағым.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрлігі атқару өндірісі органдарының автоматтанған ақпараттық жүйесі бар сот органдарының ақпараттық жүйесін интеграциялау іске қосылды.

«ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірге бейне-конференциялық байланыс арқылы қашықтықтан үкім шығару мүмкіндігі жетілдіріп жатыр.

Аталған іс қарау жүйесін ендіру түзеу жүйесінің органдарын сотталушыны қарауылмен алып жүру әлегінен босатады, ал сотталушы абақтыдан тікелей бейне-конференциялық байланыс арқылы түсініктеме бере алады. Тараптар да процеске қашықтықтан қатыса алады», - деді Ақжан Ештай.

 

Соңғы жаңалықтар