Сот Игорь Нанаевтың қазасына қатысты апелляциялық шағымды қарады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Баскетболшы Игорь Нанаевтың өлімі туралы іс бойынша сотталған бес азаматтың төртеуі Петропавл қалалық сотына үкімге қатысты апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы Димаш Қойбаров үкімге шағым білдірмеді. Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер бойынша сот алқасының үкімімен Петропавл қалалық сотының 2017 жылдың 17 сәуірдегі үкімі өзгеріссіз қалды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық , 2016 жылғы 3 қазанда түнгі үштерде бір топ азамат еш себепсіз Нанаев, Македонов, Антроповты соққыға жыққан. Б.Қайбаров, Б. Мақатов, Ж.Әскеров, А. Меңдібаев, О. Еламанның бірлескен заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан жәбірленуші Нанаев есінен танып қалған, ол жабық ми жарақаты, ауыр дәрежелі ми жарақаты, торлы қабық астына қан құйылып, мидың ісуі, төменгі ерні жыртылып, шықшық сүйегі зақымдануы, таңдай тістерінің сынуы сынды диагноздармен СҚО әкімдігінің облыстық ауруханасына жатқызылды. 10 қазанда Игорь Нанаев есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды . Жергілікті «Барыс» клубының мүшесінің өліміне байланысты жүздеген адамнан жауап алынды.

Петропавл қалалық сотының үкімімен Димаш Қойбаров ҚР ҚК 293-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы, 106-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға жалпы режімдегі түзеу колониясына бас бостандығынан айырылды.  Бауыржан Мақатов ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.  Оған жалпы режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Айыпталушы Мақатов зардап шегуші Анатолий Македоновпен татуласты. Жанбатыр Әскеров, Әділ Меңдібаев және Олжас Еламановтар да  8 жыл жалпы режімдегі колонияда жазаларын өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар