Сомали астанасындағы жарылыстың құрбандары 80 адамнан асып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сомали астанасы Могадишо орталығындағы жойқын жарылыстан 85 адам мерт болды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

Al Jazeera телеарнасы жергілікті жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, қопарылыстан 250 адам зардап шеккен.

Ал оған дейінгі The Associated Press мәліметінше, қаза тапқандар 53, зардап шеккендер саны 60-тан асып жығылды.

Еске сала кетсек, 14 қазанда елдің астанасы орталығындағы Ходан ауданында қонақ үй жанында тұрған жүк көлігі қопарылған. Бұл - Сомалидегі соңғы жылдардағы ең құрбаны көп жарылыс. Шабуылды террорлық ұйымдардың ешқайсысы өз жауапкершілігіне алмады. 

Соңғы жаңалықтар