Солтүстікқазақстандықтар дала өрті үшін 793 мың теңге төледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда табиғи өрттің алдын алу және жою бойынша жедел мәжіліс өтті, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО-да аптап ыстық ауа райы сақталуда. Болжам бойынша тамыз айы да  ыстық болады. ТЖ алдын алу және оған уақтылы ден қою мақсатында СҚО ТЖД-де облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің басшылығымен жедел мәжіліс өтті.

Департамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев облыстың барлық аудандарында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман мекемелерімен бірлесіп, ауылдық округтердің ерікті өртке қарсы құрамаларын тарта отырып, орман өрттерін жою бойынша 16 өрт-тактикалық жаттығу өткенін хабарлады.

ТЖД, жергілікті полиция қызметі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерінен облыстық және аудандық жедел топ құрылды. Өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бастап 151 рейд өтті. «Дала бақылаусыз өртенгені үшін жалпы сомасы 793 мың теңгеге 51 жеке және заңды тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Нұрлан Атығаев.

Соңғы жаңалықтар