Солтүстік Қазақстанда зығыр майы өндіріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында «Династия Агро» компаниясы зығыр майын шығарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Майлы дақылдар өңдейтін цех өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Оны компанияның негізін салушы Владимир Канның ұлы Илья басқарады. Кәсіпорынға СҚО әкімі Құмар Ақсақалов барды.



«Кәсіпорынға жабдықтарды жақында ғана орнаттық. Таяуда екінші желі іске қосылады, кейін тәулігіне кем дегенде 20 тонна май өндіретін боламыз. Май шикізаты бойынша өндіріс көлемін 6-7 мың тоннаға жеткіземіз. Қытайлық тараптан сұраныс өте жоғары. Бізге келген алғашқы компания 5 мың тонна майға келісімшарт жасасуға дайын болды», - деді Владимир Кан.

Кәсіпкердің айтуынша, олар төрт компаниямен келіссөздер жүргізуде. Шикізатпен ешқандай проблема жоқ. Өткен жылы ауданда 26 мың гектар майлы дақылдар егілді, компания оны өзінің егістігінде өсіруде. «Династия Агро» ЖШС бұдан бөлек табиғи зығыр тахникалық майын өндіреді. Ол ағаштың бетін өңдеуге арналған, экологиялық жағынан таза әрі денсаулыққа зиян келтірмейді.



Владимир Кан облыс әкімімен кездесу барысында өндірісті кеңейтуді жоспарлап жүргенін айтты. Алайда, айналымдағы қаржы жетпейтіндіктен, бизнес-жоспар дайындап, несие алуға өтініш берген.

Құмар Ақсақалов дамып келе жатқан кәсіпорынды қолдауға уәде етті.

Соңғы жаңалықтар