Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін «жедел желі» ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Прокуратура Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қадағалау органына сілтеме жасап.

«Басты міндет - бюджет ақшасын бөлгенде заңсыздыққа жол бермеу, зардап шеккен жандардың құқығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ біздің қатысуымызбен тәуелсіз комиссия құрылады,- деп атап өтті облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қадағалау органы мамандарының айтуынша, аудандық прокуратурада зардап шеккен тұрғындар үшін «жедел желі» құрылған. Олар өздерінің құқы, өтемақының есептелуі және төленуі жайлы сауалдарын қоя алады.

Еске сала кетсек, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда 200 үй  тасқын  су астында қалды.

Соңғы жаңалықтар